РАНТ мүшесі полиция қызметкерлерімен кездесті 1292

РАНТ мүшесі полиция қызметкерлерімен кездесті

11 ақпан 2022 165 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында бүгін РАНТ мүшесі, «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов пен «Қыдырәлі ата» мешітінің имамы Дархан Өксікбаев Қандыағаш станциясындағы желілік полция бөлімінің қызметкерлеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында «Жат ағымның сипаты» тақырыбында діни сауаттану мәселесі айтылып, жат ағымнан сақтану жолдары түсіндірілді.

Шара қортындысында РАНТ мүшесі полиция қызметкерлерінің дін тақырыбындағы сауалдарына тұщымды жауап берді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі