Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымы жылды қортындылады 1168

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұжымы жылды қортындылады

15 желтоқсан 2021 98 Оқу 1 минут

Қалалық мешіттің бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев жыл бойы атқарылған іс-шаралар есебін атап өтіп, қызмет барысында белсенді әрі жауапкершілікпен жұмыс жасаған қызметкерлерді марапаттап, сый-сияпат табыс етті. 

Сондай-ақ ұжымға жайылған дастархан басында мешіттің кез-келген мәселесін шешуде көмек қолын созып, мешіт ұжымының бір мүшесіндей болып кеткен Қажымұқан Сагиндиков және Алтынбек Мұратов ағаларымызға жылы лебізін айтты,

«Ұжым ауызбіршілігі жұмыстың жүйелі жүруіне тікелей әсер етеді. Жыл бойы жасалған қаншама шаралардың нәтижесінде әрқайсыңыздың үлестеріңіз зор. Мешіттің қызметінде атқарған әр істеріңіз асыл дінімізге еткен еңбектеріңіз деп білемін. Алла баршаларыңыздың қызметтеріңізге береке берсін!»,-деп Бас имам алғысын білдірді.

Бүгінгі таңда, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде имам және ұстаздардан өзге хатшы, есепші, іс басқарушы, тазалықшы, күзетші секілді 20-дан астам қызметкер жұмыс жасайды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі