Имамдар Ораза айтта судан зардап шеккен отбасы балалары мен аналарды қуантты 3342

Имамдар Ораза айтта судан зардап шеккен отбасы балалары мен аналарды қуантты

10 сәуір 2024 495 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамының бастамасымен ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Кенжегүл Қошқарова Ақтөбе қаласы, Кірпішті шағын ауданындағы 18-ші мектепке барды. Аталған мектепке орналастырылған су апатынан зардап шеккен отбасыларды Бас имам Ораза айт мерекесімен құттықтап, Алладан жеңілдік пен сабыр тіледі. Артынша 100 кісіге Ораза айт дастарханы жайылып, балалардың көңілдерін көтеру мақсатында әртүрлі ойындар ойнатылды. Сыйлықтар үлестірілді. Бас имам 60 балаға Ораза айт тәттілерін таратты. Сондай-ақ жануарлардың киімін киген аниматорлар балаларға мерекелік көңіл күй сыйлады. Ата-аналар мен мектеп ұжымы дін қызметкерлеріне алғыстарын айтып, баталарын берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі