Ақтөбе жамағаты рухани-танымдық сапарда
23-28 шілде аралығында Ақтөбе облыстық «Ихсан» орталығының жобасы аясында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің қолдауымен мешіт жамағаты рухани-танымдық сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Аталған сапардың жетекшісі Ақтөбе қаласындағы «Әс-Сәләм» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Панабайұлы.
Жамағаттың ынтымақ-бірлігін нығайту, білімін арттыру мақсатында ұйымдастырылған сапар «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етуден басталды. Сонымен қатар рухани-танымдық сапар қара шаңырақ Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасында жалғасын тапты.
Одан өзге жамағатқа Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов, «Уақып» қорының президенті Ардақ Оразбаев, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы, т.б дін мамандары «Дін және насихат», «Мәзһаб ұстанудың маңызы», «Уақып – сауаптың сұлтаны», «Мұсылманның өміріндегі неке және талақ мәселелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Айта кетсек, сапар 28 шілдеге дейін жалғасады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі