Ақтөбе имамдары жылды қортындылады 1167

Ақтөбе имамдары жылды қортындылады

08 желтоқсан 2021 375 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының төрағалығымен Шығармашылық академиясында Ақтөбе имамдарының жылдық кеңейтілген қортынды жиыны өтті.

Аталған жиында қала және аудан имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 7 негізгі жұмыс бағыты бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, жат діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар және нәтижелер туралы баяндады.

Ақтөбе өкілдігінде жыл басынан бүгінгі күнге дейін 4367 рет күнделікті бесін уағызы, 5368 күнделікті ақшам уағыздары айтылы, 62 589 адам қатысты. Өңірде РАНТ сапарлары 8 рет болды. Сансызбай Құрбанұлы, Қуаныш Әбішев, Батыржан Мансұров, Мақсатбек Қайырғалиев сынды РАНТ мүшелері шақырылып, кездесулерде 2152 адам қамтылды. Бір жылда Ихсан ілімі аясында және жат ағымның ағымның алдын алу, халал мен харам, салт-дәстүр, отбасы құндылықтары, неке, сауда-саттық және басқа да тақырыптарда 157 видеоуағыз түсірілді. Пандемия кезінде онлайн форматта 485 уағыз айтылып, 94 681 қаралым болып, онлайн форматта 36 сұхбат жүргізілді.

Өкілдікте жыл бойы ірілі қайырымдылық шарадан 18 жоба ұйымдастырылып, 15 935 отбасыға 167 322 385 теңге қамтылды. Атап айтсақ, «Тайқазан», «Берекелі рамазан сыйы» 930 отбасыға 13 тонна 429 кг азық-түлікпен 5 020 900 тг қамтылды. «Қолдан-қолға» бойынша (таратылған зекет) 330 отбасыға қаржылай 10 086 000 тг көмек көрсетілді Ал «Ел үлесі пәтерге» аясында 9 пәтер 35 100 000 тг-ге берілді. Сонымен қатар «Үміт сыйла сәбиге» бойынша 8 отбасы 1 816 000 тг, «Жетім көрсең жебей жүр» 209 отбасыға 6 тонна 34 кг азық-түлік 1 348 850 тг, «ҚМДБ ГРАНТЫ» жобасы негізінде 2 шәкірттің 960 000 теңгеге оқу ақысы төленіп, т.б жобалар арқылы көмек көрсетілді. Сондай-ақ Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бастамасымен Ақтөбе облысы мешіттері 2 миллион теңге жинап, басқа облыс мешіттерінен 4 050 000 теңге қаражат түсті. Жалпы көлемі 6 050 000 теңгеге 7500 түк шөп сатып алып, аманатты қабылдап алған Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы бастаған имамдар Ырғыз ауданынан Қызылорда облысы, Арал өңіріне 2500 түк шөпті 3 камаз көлігіне артып жіберді. Ал қалған 5000 түк шөпті Темір ауданы, Шұбарқұдық станциясы темір жол торабы арқылы 7 вагонға тиеп, Маңғыстау облысы, Бейнеу станциясы, Шетпе станциясы және Жанаөзен қаласына аттандырды.

Есеп беру жиынында барысында облыстың Бас имамы облыстың діни ахуалының тұрақталуына және ислам дінінің өркендеп дамуына үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысының дін істері басшысы Әлімбек Жәнібекұлына  алғыс хат табыс етті.

Жылдық есеп беру сәтінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры мен Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ел үлесі пәтерге» акциясы аясында 7 үйдін сертификаттары табысталды.

1. Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Илякова көшесінен жалғыз басты, 2 топтағы мүгедек ана Сатова Сәулеге 2 бөлмелі пәтер кілті берілді. Пәтер құны 3 500 000 теңге. №495

2. Шалқар ауданы, Байқадам ауылы «Байқадам» ауылдық мешітінің имамы Урдакулов Ақылбекке қызметтік пәтер кілті табысталды. Пәтер құны 1 000 000 теңге. 5 бөлмелі үй. №496

3. Шілікті ауылдық мешіті Қабетов Жайыққа берілді. Пәтер құны – 800 000 теңге. №497

4. Тоғыз мешіті үй. Құны – 800 000 теңге. №498

5. Ұлықпанова Меруерт 2 бөлмелі пәтер, құны – 1 500 000теңге. №499

6. Ералин Зарлық қызметтік үй 4 бөлмелі үй, пәтер құны – 5 000 000 теңге. №500

7.  Бекжан қари Әлденовке демеушілердің сыйға тартқан үйі. 4 бөлмелі пәтер 205 кв.м құны – 20 000 000 теңге. №501

Одан өзге жылдың қортынды жиынында жат дін ағымдардың алдын алу және діни оңалту бағытында белсенді жұмыс жасағаны үшін Дархан Өксікбаев, Әйел-қыздар секторы мен Жастар секторы бойынша жасалған жұмыстарды ұйымдастыру ісінде белсенділік танытқаны үшін Кенжегүл Кошкарова мен Ержан Мизамов, әлеуметтік желіде дәстүрлі дінімізді насихаттауда белсенділік танытқандары үшін Нұрдәулет Әуезов, Нұрсұлтан Жүнісәліұлы, Ерік Сұлтанов, Ербұлан АлмағанбетовҚМДБ бекіткен 7 бағыт жұмыстарын ұйымдастыруда белсенділік танытып, дәстүрлі дініміздің дамуына қосқан үлесі үшін Нұрбол Смағұлов, Нұрлыбек Шакизадаұлы, Сұңғат Саметов, Нұрсұлтан Тұрсынқұлов, Асемхан Ерғазин, Бақыт Тойшыбаев, Зарлық Ералин, Ерік Сұлтанов және дәстүрлі дініміздің насихатталуына елеулі үлес қосып, ақпараттық қолдау білдіргені үшін Индира Өтеміс, Ақтілек Орынбасарова, «Aqtobe», «Рика», «Хабар 24» телеарнасы Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының алғыс хатымен марапатталды.

Ал шара қортындысында  облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы оңалту жұмыстары мен қайырымдылық шараларындағы негізгі мәселерді қамтып, одан өзгеде бағыттар аясында бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі