Хромтау: Қазақ күресінен турнир өтті 1169

Хромтау: Қазақ күресінен турнир өтті

15 желтоқсан 2021 113 Оқу 1 минут

Хромтау аудандық мешітінің ұйымдастыруымен, жат ағымның алдын алу және жамағаттың ауызбіршілігін арттыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қазақ күресінен ашық турнир өтті. 

Жарысқа Ақтөбе, Хромтау қалаларынан, Бөгетсай, Қарабұтақ, Көктау ауылдарынан келген 30 балуан қатысты. Спорттық шараны Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Сұлтанов ашып, қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Сонымен қатар шара барысында жергілікті өнерпаз Ғани Бейсенов "Жігіттерге өсиет" термесін орындады.

Намысты дода нәтижесінде 60-69 кг салмақ дәрежесінде Ақтөбе қаласының балуаны Айтқали Әділбек, 70-82 салмақ дәрежесінде Хромтау қаласының балуаны Жақан Ертай, 83+ кг салмақ дәрежесінде Хромтау қаласының балуаны Ізбасар Жақсылық жеңіске жетті.

Дода қортындысында жеңіпаздарға алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі