«Ислам және адал қоғам»: Рухани бас қосу
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қаласындағы «Әл-Ләтиф» мешітінде жамағатпен рухани бас қосу ұйымдастырылды.
Шара барысында «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Рүстембек Аманғосұлы жамағатқа «Иманның маңыздылығы» тақырыбында уағыз-насихат айтып, иманның адам өміріндегі орны, қоғамдағы ізгілік пен берекені қалыптастырудағы маңызына тоқталды.
Сондай-ақ мешіттің жаңадан тағайындалған наиб имамы Асан Нұрланұлы «Ауызбіршілік – берекенің бастауы» тақырыбында татулыққа, ынтымаққа және өзара құрметті нығайтуға шақырды.
Бас қосу жамағаттың ауызбіршілігін нығайту, өзара бауырмалдықты арттыру және қоғамда ізгі құндылықтарды дәріптеу мақсатында тұрақты түрде өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітің баспасөз қызметі






































