«Әйел-қыздар» секторы: Облыстық мешіттегі қуаныш 6400

«Әйел-қыздар» секторы: Облыстық мешіттегі қуаныш

28 мамыр 2026 62 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде мұсылмандардың ұлық мейрамы Құрбан айт мерекесінде әйел жамағаты ерекше рухани әрі мерекелік көңіл-күйде басқосты.

Айт намазынан кейін ақ жаулықты аналарға киіз үй тігіліп арнайы құрмет көрсетіліп, ал жастар тарапынан ашық аспан аясында мерекелік дастархан жайылып, келген қонақтар ауыз тиіп, мерекенің берекесін бірге бөлісті. Сонымен қатар ұстаздар айттың мән-маңызы, мұсылман арасындағы ауызбіршілік пен мейірім жайында тағылымды уағыз айтты.

Мерекелік шара мешіт ауласында жалғасын тауып, киіз үй жанында балалар мен әйелдерге арналған түрлі ұлттық ойындар мен спорттық эстафеталар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған сайыстарға ерекше қызығушылықпен қатысты.

Айт мерекесіне арналған бұл игі шара жамағат арасындағы татулықты нығайтып, ұлттық дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі