Ақтөбе: «Айттағы қуаныш» атты облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды 6381

Ақтөбе: «Айттағы қуаныш» атты облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды

26 мамыр 2026 72 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдінде қарасты Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Құрбан айт мерекесіне орай балалардың шығармашылығын шыңдап, ұлттық әрі рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған «Айттағы қуаныш» атты облыстық сурет байқауы ұйымдастырылды.

Айзат Қобланқызының бастамасымен өткен тағылымды дода да Ақтөбе қаласымен қатар аудан-аймақтардан келген өнерлі балалар қатысып, өз қиялдары мен талғамдарын бояу тілі арқылы көрерменге ұсына білді. Жалпы саны 40-қа жуық қатысушы бақ сынаған байқау жас өрендердің шығармашылық әлеуетін танытқан ерекше рухани кешке айналды.

«Байқаудың басты мақсаты — балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, Құрбан айт мерекесін балалар көзімен бейнелеу арқылы олардың рухани танымын тереңдету және ізгілік пен мейірімге үндейтін құндылықтарды насихаттау» деді ұйымдастырушылар.

Қазылар алқасының бас сарапшысы ретінде «Нұрлы білім» балалар дамытушы орталығының негізін қалаушы, балалар нейропсихологы Гүльзия Темірханқызы қатысып, жас суретшілердің жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, шығармашылықты дамыту жолындағы өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ Ақтөбе қалалық орталық мешіті атынан O’kerei оқу орталығының мұғалімі Османова Дана Саматовнаға шәкірттерін белсенді қатыстырып, жас ұрпақтың шығармашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Ақтөбе қаласының Бас имамы атынан алғыс хат табысталды.

Байқау қорытындысы

 І орын

Сембай Марьям — 13 жас

Дауренқызы Алуа — 10 жас

Төреғали Хадиджа — 5 жас


ІІ орын

Қалас Абдурахман — 9 жас

Алпысбай Алинур — 8 жас

Низамдинова Марьям — 8 жас

Муканова Меруерт — 9 жас

ІІІ орын

Даурен Фатима — 8 жас

Сүйенгарина Айша — 12 жас

Сүйенгарина София — 9 жас

Асқарұлы Махди — 8 жас

Букенбай Айлина — 10 жас


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі