Облыстық мешітте отбасы құндылығы насихатталды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің кітапханасында «Әжелер мектебінің» мүшелері мен мешіт шәкірттеріне «Ислам және отбасы құндылығы» аясында насихат айтылды.
Аталған шара «Болмаған балалық шақ» фильмінің желі бойынша талқыланып, отбасы институытының маңыздылығын РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы Ақтолқын Тажикова мен Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушакрова баяндады.
Айта кетсек, игі насихат түрлі форматта жыл бойы жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі