Ақтөбе: «Ислам және ұлттық дәстүр — адал қоғамның қос тірегі» атты тағылымды семинар өтті 6379

Ақтөбе: «Ислам және ұлттық дәстүр — адал қоғамның қос тірегі» атты тағылымды семинар өтті

26 мамыр 2026 154 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ислам және ұлттық дәстүр — адал қоғамның қос тірегі» атты тағылымды семинар өтті. 

«Рухани шараның басты мақсаты — ұлттық құндылықтар мен Ислам дінінің сабақтастығын насихаттап, қоғамдағы адамгершілік, адалдық және тәрбие мәселелерін кеңінен түсіндіру» деді облыс бойынша сектордың жетекшісі Кенжегүл Кушкарова,

Сонымен қатар сектор жетекшісі қазақ халқының салт-дәстүрі мен Ислам дінінің өзара үндестігі жайында тағылымды ойларымен бөлісті. Ұрпақ тәрбиесі, отбасы құндылығы, әйел адамның қоғамдағы орны және рухани тәрбиенің маңызы төңірегінде кеңінен насихат айтты.

Ізгілікке жол бастаған семинардың арнайы қонағы ретінде Түркістан облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Еңлік Абиева қатысты.

Түркістан облысының жетекшісі ұлттық дәстүрдің дінмен біте қайнасқан құндылық екеніне тоқталып, бүгінгі қоғамда адалдық пен ізгілікті қалыптастырудағы Ислам тәрбиесінің рөлі туралы тоқталды.

Семинарға қатысқан жамағат рухани әсер алып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды. Осындай тағылымды кездесулердің қоғам тәрбиесі мен рухани құндылықтарды дәріптеудегі маңызы зор екені айта келе ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ақ жаулықты әжелер бата берді.

Ақтөбе облыстық орталық

  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі