#Рамазан2026: «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтті
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес Темір аудандық «Досжан Ишан» мешітінің ұстаздары Радина Бимолдина мен Әсия Тогаеваның ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Берекелі Рамазан» атты рухани кеш өтіп, оған Ақтөбе қаласынан арнайы «Әйел-қыздар» секторының облыс бойынша жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітінің ұстазы Баян Мұстахап қатысты.
Құранмен бастау алған кеш, әрі қарай әжелердің шашуымен, әуезді ән, қоңыр күймен кең ауызашар дастарханында жалғасын тапты. Ұстаздар «Құранның қасиеті», “Рамазан айының қадірі” ,”Қадір түні” туралы насихат айтты.
Түрлі ойындар болып, Рамазан айы бойы өткен “Сауаптар ағашы” марофонының қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді. Мешіт белсенділері “Алқа мүшелеріне”, “Ең үздік шәкіртке”, “Ең ықыласты шәкіртке”, “Ең жомарт шәкіртке” Аудан Бас имамы Ералин Зарлық Аманұлының атынан алғыс хаттар табысталды.
Сонымен қатар 2026 жылғы мешіт жанындағы әйел жамағатының Құран курсінің 30 түлегі “Тәж кигізу” рәсімінде сертификат алды.
Шараға 25 шақты аудан кәсіпкерлері мен белсенділері демеушілік көрсетіп, 70 тен аса ақшалай және сертификаттар ойнатылды.
“Берекелі Рамазан” рухани кешінің қатысушыларына басты тосын сый әйел жамағатының атынан “Ұмра қажылығы” ойнатылды.
Және де кеш барысында жамағаттың ұйғарымымен ең маңызды деп тапқан 4 жерге ақшалай қайырымдылық жасалды: 1)Болашақ имамға шәкірт ақы(30 мың тг); 2)Болашақ әйел ұстазға шәкірт ақы (30 мың тг); 3)Қызметтегі ұстазға сый (30 мың тг); 4) Ашылғалы отырған жаңа мешіттің Әйелдер сыныбының жабдығына көмек(150 мың тг) аударылды.
Төрт ай дайындықпен жасалған рухани кеш жоғары дәрежеде өтіп, ақ жаулықты әжелердің батасымен қортындыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































