«Рамазанға дайындық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті 1390

«Рамазанға дайындық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

05 наурыз 2022 191 Оқу 1 минут

Көктемнің алғашқы жұмасында әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Рамазанға дайындық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. 

Ізгі шара барысында ұстаздар мен шәкірттердің пісірген ыстық палауы мен тәтті бәліші жұмаға келген жамағатқа тиімді бағаға ұсынылды.

Одан түскен қаражат қайырымдылық мақсатында жұмсау көзделіп отыр.

Жұмаға жиналған жамағат ұстаздарға алғыс айтып, игі іс жалғасын тапса деген ізгі тілектерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі