Құрбан айтта ардагерлер арасында шағын футбол турнирі өтті 6413

Құрбан айтта ардагерлер арасында шағын футбол турнирі өтті

29 мамыр 2026 42 Оқу 1 минут

Ойыл ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Құрбан айт мерекесіне орай 45 жастан жоғары азаматтар арасында шағын футболдан аудандық турнир ұйымдастырылды.

Аталған жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және ардагер спортшылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту.

Тартысты өткен турнир қорытындысы бойынша І орын «Ойыл мешіті» командасы (50 000 теңге), ІІ орын «Арда» командасы (30 000 теңге), ІІІ орынды «Дос» командасы (20 000 теңге) иеленді.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар арнайы дипломдармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі