Ұлттық кітап күніне орай имамдар шараға қатысты
Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков Ұлттық кітап күніне орай өткен «Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» атты шараға қатысты.
Шара барысында Бас имам Абзал Медетбеков «Кітап оқудың пайдасы» тақырыбына кеңінен тоқталды. Ол өз сөзінде кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын баяндап, әсіресе жас ұрпақтың рухани дамуы мен дүниетанымының қалыптасуында кітаптың орны ерекше екенін атап өтті.
«І. Үргенішбаев атындағы ЖОББМ» КММ ұйымдастыруымен өткен шарада оқушылар белгілі ақындардың шығармаларынан өлең жолдарын оқып, өз өнерлерін көрсетті.
Шара соңында қонақтар мектеп кітапханасына шолу жасап, ардагер ұстаз Сұлтанғали Кемелұлы ақ батасын берді.









































