Ақтөбе: 21 мешітте 19 000 адам алғашқы тарауық намазын оқыды 2573

Ақтөбе: 21 мешітте 19 000 адам алғашқы тарауық намазын оқыды

23 наурыз 2023 246 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 21 мешітте (1 облыстық, 9 қалалық, 5 аудандық, 6 ауылдық мешітте) 21 қари 19 000 адамға алғашқы тарауық намазын жүргізді.

Кеше еліміздің барлық мешітінде биылғы Рамазан айының алғашқы тарауық намазы оқылды.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы облыстық «Нұр Ғасыр мешітте өткен тарауық намазына арнайы қатысты. Жиналған жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтады. Сонымен қатар тарауық намазы туралы насихат айтып, облыстық мешітте жылдағы дәстүр бойынша Бекжан қари Әлденов тарауық намазын жүргізетін айтты.

Ал өкілдікке қарасты Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды имамдар жамағатқа таныстырды.

Айта кетсек, бүгіннен бастап ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінде ауызашарлар беріле бастады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі