Қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды
ҚМДБ жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қайырымдылық іс шарасы өтті.
«Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткен шарада әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» хадисіне сай жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатында, облыстағы жаны жомарт кәсіпкерлер нәзік жандыларға және кішкентай балаларға арналған су жаңа аяқ киімдерді тарту етті. Шарада 35 отбасы қамтылып, 128 аяқ киім таратылды.
Іс-шара қортындысында ұнаған аяқ киімдерін таңдап алып, көңілдері шад болған балалар мен олардың аналары көмек қолын созған қайырымды жандар мен дін қызметкерлеріне разылығын білдіріп, алғысын айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі