Хромтау: Әйел жамағатына отбасындағы ізгілікті жаңғырту бағытталды 4192

Хромтау: Әйел жамағатына отбасындағы ізгілікті жаңғырту бағытталды

18 ақпан 2025 123 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылды діни қызмет аясында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жариялады. Осыған орай «Нұр» мешітінде отбасындағы ізгілікті жаңғырту мақсатында шара өтті.

Ізгі шара әдеттегідей мешіттің бас имамы Ерік Қонақбайұлының отбасы құндылықтары тақырыбы аясындағы көркем насихатымен басталды. Әйел адамның дін мен дәстүрдегі, отбасындағы мәртебесінің Құран аяттары мен хадистердегі көрінісін тілге тиек етті.

Шараға мешіттің әйел жамағаты қатысты. Ауданның бас имам исламдағы бақытты отбасының үлгілерімен таныстырып, ана мен қыздың, ене мен келіннің арасындағы көркем байланысты нығайтудың жолдарын атап өтті.

Шара соңында мешіттің бас имамы Ерік Қонақбайұлы мешіт жанынан құрылған «Аналар мектебінің» құрметті мүшелеріне мешітіміздің қадірменді жамағаты болғаны үшін, мешіт жамағаты ретінде рухани, мәдени ізгі шараларға атсалысып, белсенділік танытқаны үшін алғыс білдіріп, сый-сияпат жасады.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі