Шәкірттер ұстаздарға құрмет көрсетті 2154

Шәкірттер ұстаздарға құрмет көрсетті

03 қазан 2022 270 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде сауат ашу курсында оқитын шәкірттер Ұстаздар күніне орай білім нәрімен сусындатқан ұстаздарына құрмет көрсетті.

Аталған игі басқосуда шәкірттер ұстаздардың адам өміріндегі маңыздылығын айта отырып, мерекеге орай сый-сияпат жасады.

Шара қортындысында ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкарова: «Құдси хадисте Раббымыз: «Егер Менің құлым жақсы амал жасайтынын айтса, онда Мен оған жақсы амалдың жасалғанын жазып қоямын», ‒ дейді (Муслим)деп мерекені ескеріп, шад-шадыман көңіл күй сыйлағандары үшін шәкірттерге алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі