Әйел жамағаты "Ұлттық ойындар" күнін атап өтті. 3296

Әйел жамағаты "Ұлттық ойындар" күнін атап өтті.

25 наурыз 2024 348 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы "Бақытжан" мешіті әйел жамағаты Президент Қ. К.Тоқаевтың бастамасына өз үлестерін қосып, қазақтың көнеден келе жатқан салт-дәстүрлерінің бірі - Ұлттық ойындар күнін атап өтті .

Мешіт ұстазы А.Қойшығұлова жиылған жамағатқа Ел басшысының алға қойған мақсаттары, салт-дәстүрдің өскелең ұрпақ тәрбиесінде өзектілігін, ұлттық құндылықтардв дәріптеп насихаттауда аналардың алар ролін, Пайғамбардың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) деннің саулығына, спортқа, салауатты өмір сүруге қатысты өсиеттері мен хадистері жайлы толығырақ баяндап өтті.

Бұл шараға жиналған қыз - келіншектер бүгінде қолданыстан қалыс қалып бара жатқан "Қыз қуу", "Қанталапай", "Бес тас", тб ұлттық ойындарды ойнап бір мәре-сәре болды.

Үлкен аналар жағы балалық шақтарын еске алып, өз өмір тәжірибелерімен бөлісіп, ұлттық құндылықтардың пайдасы мен мәнін кеңінен әңгімелеп берді.