Әйтеке би: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды 3693

Әйтеке би: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды

19 қыркүйек 2024 122 Оқу 1 минут

Әйтеке би аудандық орталық мешітте «Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі» атты әйел жамағатына семинар өтті.

Семинардың негізгі мақсаты – бізге үлгі екі дүние сардары Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)шаңырағында көрсеткен тәрбие, көркем үлгілерді жамағатқа насихаттай отырып Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)таныту болды.

Әйтеке би аудандық орталық мешітінің ұстазы Гүлназым Ғалымқызы шараны уағыз-насихатпен бастады.

Сонымен қатар семинар сұрақ-жауап түрінде қызықты пікірлермен жалғасты және де шәкірттер қойған сұрақтарға жауап берілді.

Іс-шара соңында мешітіміздің жамағатына Нұрсұлтан Рысмағанбет ұстаздың «Олар Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)осылай көрген…»кітабы табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі