«Отбасы және қоғам қатынастары»  тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді 2164

«Отбасы және қоғам қатынастары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

06 қазан 2022 252 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйел жамағатына «Отбасы және қоғам қатынастары» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған түсіндіру жұмысын РАТТ мүшесі, Египет әл-Әзһар университетінің түлегі, Құран хафызы Бақытгүл Өтегенқызы жүргізіп, отбасы және оның құндылықтары туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Сондай-ақ жанұя бақытының қоғамға әсері, отбасыдағы тәрбие мектебінің ел тағдырына ықпалы қаншалықты екендігін баса айтты. Рухани басқосу қортындысында жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, ой бөлісті.

Айта кетейік, рухани кездесуге жүзден астам адам қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі