Әйелдерге «Халал – шариғат талабы» атты семинар өткізілді 3332

Әйелдерге «Халал – шариғат талабы» атты семинар өткізілді

08 сәуір 2024 207 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы «әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен ҚМДБ «Халал даму» Ақтөбе облысы бойынша жауапты технолог маман Сақимолда Ақмаржанның қатысуымен «Халал – шариғат талабы» атты семинар өтті.

«Адалды іздеу – әрбір мұсылманның міндеті» деп жеткізген ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бізге астың адал болуына аса мән беру керек екенін ұғындырады»- деп сөз бастаған сектор жетекшісі Кенжегуль Кушкарова шариғаттың талабы туралы қысқаша түсіндіріп, сөз кезегін технолог маманға берді.

«Халал стандарты» дегеніміз – бірінші кезекте өнімнің шариғат үкімдеріне сай болуы. Ал шариғат – барлық ислам қауымының қалай жүріп тұруын, жалпы алғанда өмірлік қағидаларын айқындап көрсететін жол»- дей келе, халалға мән бергенде тек асқа ғана емес, тұтынып отырған барлық өнімге мән беру туралы мысалы, тамақ өнеркәсібі (ет, сүт, нан, сусын, кондитер өнімдері т.б.), денсаулық саласы (дәрі-дәрмек, перзентхана, т.б.), даяшылық қызмет (асхана, дәмхана, сауна, кемпинг-мотел, туризм т.б.) мән беру керек екенін кеңінен түсіндірді.

Семинарға жиналған әйел жамағатының толғандырған сұрақтарына тұшымды толық жауап берген технолог маман, жиналғандардың ыстық ықыласына бөленді.