«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Шалқар ауданында 2151

«Көшпелі уағыз-насихат» жобасы Шалқар ауданында

03 қазан 2023 885 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы қолға алынып, Шалқар ауданында жалғасын тапты.

«Көшпелі уағыз-насихат» құрамында РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамдары Алмат Әли, Нұрбол Смағұлов пен Абзал Медетбеков, Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Серғазин, Қобда ауданының Бас имамы Абай Шимбулатов, Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов, Ақтөбе қаласы «Бақытжан» мешітінің Бас имамы Ержан Мизамов, Ақтөбе қаласы, «Досжан Хазрет» мешітінің ұстазы Алмат Алашұлы, Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен республикалық «Мұнара тв» телеарнасының тілшісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова т.б қатысты.

Іс-сапар Шалқар ауданының әкімі Жанболат Жидехановтың қабылдауынан басталды. Әкіммен кездесу барысында жергілікті діни ахуалдың жай-күйімен танысып, 2 күндік іс-сапардың жоспарымен танысып, өңірдегі жат ағыммен күресу жолдарын талдады.

Шалқар қаласы мен ауданда, Бозой, Айшуақ, Тоғыз, Шілікті ауылы мен Есет Көтібарұлы, Қауылжыр ауылдық округінде ауыл тұрғындары мен мешіт жамағатымен, әкімшілік, теміржолшы т.б қызметкерлер және әйел жамағатымен жеке және жалпы кездесулер ұйымдастырылды.

Имамдар қала, аудан, ауылдық мешіттерде жұма намазын жүргізіп, «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар мешіт жамағатының ынтамағын арттыру мақсатында «Шай үстіндегі сұхбат», футболдан жолдастық кездесу өтті. Жамағаттың дін аясында қойылған сұрақтарына имамдар тұшымды жауап берді.
Әйел жамағатына бала тәрбиесі, ата-әже институты, туысқандық қарым-қатынасты арттыру, ғаламтор мен бала, білім алудың артықшылығы, жат ағымнан сақтану, әлеуметтік желідегі дәстүрлі емес діни парақшаларды синтездеу мәселері қарастырылды.

Жоба аясында ауданға келген делегация 2 күннің ішінде 42 шара, 5 жеке кездесу ұйымдастырылып, 1615 адамға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Әбу Ханифа мәзһабы мен Мәтуриди сенімін ұстанудың маңызын кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ салт пен дәстүрге, қоғамда қалыптасқан құндылықтарға құрметпен қарауға үндеді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі