«Шариғат және пәтуа әдептері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қала имамдарына арналған «Шариғат және пәтуа әдептері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Жиын барысында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман қазіргі әлеуметтік желідегі уағызшылардың пәтуа беруі туралы айтып өтті.
Одан өзге ҚМДБ-нан шыққан және мақұлданған пәтуаларды таныстырып, пәтуа беру әдептерін түсіндірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі