Рамазанның құрметіне орай Құран сайыс өтті 3265

Рамазанның құрметіне орай Құран сайыс өтті

10 наурыз 2024 632 Оқу 1 минут

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Құран түскен қадірлі ай-Рамазан» атты қала мешіттерінің әйел жамағаты арасында Құран жарысы өтті.

Шараның басты мақсаты-жамағаттың Рамазан айында Құран оқуға деген ықыласын арттыру.

Аталған сайысқа облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы арнайы келіп, Рамазан айында Құран Кәрімді үзбей оқып, онымен байланыста болудың маңыздылығы туралы айта өтіп, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ондық алқа мүшелері қатысып, данагөй ақсақалдары қатысушыларға сәттілік тіледі.

Сайыс екі номинация бойынша өтіп, оған Ақжар қарилар дайындайтын орталықтың директоры Бекжан қари Әлденов және Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі қари Құлмағанбетұлы,

“Нұр-Ғасыр облыстық орталық мешітінің ұстазы Ардақ Бағдал әділ қазылық етті.

Алғашқы «Нәбә» және «Нәс» сүреленің арасында жатқа оқу бойынша сынға түскен қатысушылар арасынан үздік нәтиже көрсеткен

Іорын Дүкенбаева Фатима -70мың теңге

ІІ орын Серікжанқызы Айша-50мың теңге,

ІІІ орын Әзілбекова Бекзада-30мың теңге сыйлықтарына ие болса,

Екінші номинация «Духа» және «Нәс» сүрелерінің аралығы бойынша

Іорын Сабитова Амира-50мың теңге,

ІІ орын Кутумова Райгүл-30мың теңге,

ІІІ орын Ерболатқызы Хадиджа -20мың теңгемен марапатталды.Сондай-ақ,

Қуаныш Дина және Әби Каусар Бақтыгерейқызына ынталандыру ретінде 10 мың теңге табысталды. Одан өзге , қалған барлық 32 қатысушы қыз-келіншектерге сыйлықтар берілді.

Іс-шара Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанында жақында ғана бой көтерген 1000 адамдық намазхананың ішінде өтті. Жарыс қатысушыларының ең үлкені 60 жасар апайымыз болса, ең кішісі 10 жасар бүлдіршініміз.

Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы барша Құран жарысына келген көрермендер мен қатысушылар ерекше алғысын білдіріп, рахметін айтты. 

 

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі