«Қажылық бабы» бойынша  зияткерлік білім сайысы ұйымдастырылды 3724

«Қажылық бабы» бойынша зияткерлік білім сайысы ұйымдастырылды

22 қыркүйек 2024 375 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» және қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағаттың білімін арттыру мақсатында «Қажылық бабы» бойынша зияткерлік білім сайысы өтті.

Сайыскерлердің біліктілігіне Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имам Ерлан Наурызбаев және «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің наиб имамы Жамбыл Тлеубай, азаншы Қайрат Қаймолдин төрелік жасады.

Қызықты әрі тартысты өткен білім додасына мешіт жамағатынан 5 команда, жалпы 30 адам қатысты.

Жарыс қортындысы бойынша жүлделі І орынды «Бауырлар» командасы жеңіп алса, II орын «Зәм -зәм» командасына, III орын «Жақсылар» командасына бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі