РАНТ мүшесі Қарттар күніне орай мешіт ақсақалдарымен кездесті 2142

РАНТ мүшесі Қарттар күніне орай мешіт ақсақалдарымен кездесті

30 қыркүйек 2022 182 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар қаласында «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы 1 қазан – Халықаралық күніне мешіт ақсақалдарымен кездесті. 

Аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде өткен іс-шараны ауданның Бас имамы Бақыт Абдиисламұлы ашып беріп, «Қадірлі қазыналы қарттарымыз! Алла Тағала сіздерге, сіздердің отбасыларыңызға береке берсін. Келіп жеткен атаулы күнмен сіздерді шын жүректен құттықтаймын», десе, РАНТ мүшесі Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Қадірлі ақсақалдар мен аға буын! Алла Тағала қарты бар үйді – қазыналы үй дейді. Сіздер үй ғана емес сонымен қатар мешіттеріміздің көркі болып табыласыздар. Жаббар Иеміз қартқа рақымы түсіп қарайды екен. Қарттың аузы дұғалы болады. Сол дұға тілектеріңізді Алла қабыл алсын! Салған медреселеріңізді, жасап жатқан жақсылықтарыңызды Жаратқан қабыл алсын!» - деп атаулы мерекемен құттықтады.

Іс-шара қортындысында мешіт ақсақалдары РАНТ мүшесіне арнайы алғысын айтып, лебіздерін білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі