Ақтөбе: «З0 күнде 30 хатым» жобасы   қортындыланды 1616

Ақтөбе: «З0 күнде 30 хатым» жобасы қортындыланды

30 сәуір 2022 136 Оқу 1 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстағы ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағаты арасында «З0 күнде 30 хатым» жобасы қортындыланды. 

Сектор жетекшісі Кенжегүл Қошқарова ұйымдастырған хатымды күн сайын облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев жүргізіп,  облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы елімізге тыныштық пен татулық тілеп, Құран Хатым дұғасын жасады.

Сонымен қатар әр күн сайын облыстық мешіттің ұстазы Ардақ Бағдалқызының ұйымдастырып әрі жүргізуімен аталған жоба аясында хатым өтіп, бүгін Ардақ ұстаз хатым дұғасын оқыды.

Одан өзге әр күн сайын Құран Хатымды онлайн форматта инстаграмдағы @nur_gasyr парақшасында Хабибулла қари Раушан оқыды.
Еске салсақ, онлайн және офлайн форматта өткен З0 күнде 30 хатым» жобасына 200-ден астам шәкірт қатысты.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі