Әйел жамағатына «Ер мен әйел психологиясы» атты семинар ұйымдастырылды 3739

Әйел жамағатына «Ер мен әйел психологиясы» атты семинар ұйымдастырылды

24 қыркүйек 2024 384 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының әйел жамағатына «Ер мен әйел психологиясы» атты семинар өтті. 

Семинарды психолог маман Әлия Төлегенова жүргізіп, отбасылық түйіткілді мәселелерді қатысты тақырып аясында кеңінен талқылап өтті. Сондай-ақ ер мен әйелдің бір мәміле де өмір сүріп, шаңырақ шаттығын сақтаудың басты қағидаларына тоқталды.

Асыл дінімізде жұптасып өмір сүрудің маңыздылығы жеке адамнан бөлек қоғам үшін де хикметі бар екендігін Алла тағала қасиетті Құран Кәрімнің «Рум» сүресінің, 21-аятында: «Бой ұрып тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып, араларыңа сүйіспеншілік , мейірім орнатқандығы да оның белгілерінің бірі. Ой жүгірте білетін қауым үшін мұнда көптеген ғибрат бар екені шүбәсіз,»-деп баяндайды.

Семинарда одан өзге мешіт және «Ихсан» орталығының ұстаздары «Исламдағы отбасы құндылығы» тақырыбы бойынша уағыз-насихат айтып, жамағаттың сауалдарына жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі