Шалқар: Қыздарға арналған сауат ашу курсы басталды 1765

Шалқар: Қыздарға арналған сауат ашу курсы басталды

09 маусым 2022 116 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында 8-15 жас аралығындағы қыз балаларға арналған жазғы сауат ашу курсы басталды. 

Бас мүфти Наурызбай қажы тағанұлының бастамасымен қолға алынған бұл игілікті шараның негізгі мақсаты – жазғы демалыс мезгіліндегі балалар мен жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалану, оларды діни сауаттылыққа бағыттап, имандылықтың іргетасын қалыптастырып, жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу болып табылады.

Сонымен қатар шәкірттерге мұғалім сәни, тәжуид қағидалары, Құран, ислам әдептері, Алланың 99 көркем есімі үйретіледі. Одан өзге тек қана діни білім беріп қана қоймай, ата-ананы құрметтеу, табиғат пен жан-жануарларды аялау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, өтірік айтпау сыңды әдептілік бағытында да тәрбие беріледі.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі