#Иманижаз2025 : Шәкірттер триатлон паркіне серуенге шықты
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен облыстық «Нұр ғасыр» мешітінің жазғы сауат ашу курсының шәкірттері мешіт жанындағы триатлон паркіне серуенге шықты.
Серуен барысында балалар әртүрлі қызықты ойындар ойнап, белсенділіктерімен көзге түсті. Ұстаздар олардың ұйымшылдығы мен ынтымағын арттыру мақсатында түрлі топтық ойындар ұйымдастырылды.
Шара қорытындысында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыстады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі











































