Шалқар: Саз мектебінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді 1769

Шалқар: Саз мектебінде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді

10 маусым 2022 135 Оқу 1 минут

“Қазанғап Тілепбергенұлы” атындағы Шалқар ауданының саз мектебі МКҚК-ның ұжымына Шалқар ауданының «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай “Деструктивті діни ағымдар және экстремистік ұйымдардың әлеуметтік-психологиялық портреті” тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. 

Кездесу барысында мұғалімдер тарапынан қойылған дін мен дәстүр тақырыбындағы сауалдарға ұстаз Жұлдыз Тлеубай тұщымды жауап берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі