#Рамазан2026: Әйел жамағаты «Абай бол» фильмінің көрсетіліміне барды 6045

#Рамазан2026: Әйел жамағаты «Абай бол» фильмінің көрсетіліміне барды

09 наурыз 2026 25 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен әйел жамағаты  «Өнер қырандары» театры түсірген «Абай бол» фильмінің көрсетіліміне барды. 

Көрсетілімнен кейін «Әжелер» мектебі мен «Шырайлым» клубының қыз-келіншектері туындыны талқылады.

Фильм барысында қоғамда кең таралып келе жатқан алаяқтық, құмар ойындарға тәуелділік секілді өзекті мәселелер қозғалып, оның адам өміріне, отбасы мен қоғамға тигізетін кері әсері көркем түрде көрсетілгенін атап өтті сектор жетекшісі Кенжегүл Күшкарова.

Сонымен қатар талқы барысында фильмнің аты айтып тұрғандай «Абай бол» деп сақтыққа шақырып, өмірде дұрыс таңдау жасап, жауапкершілікпен әрекет етуге үндейді деп жеткізді РАТТ мүшесі, ұстаз Ақтолқын Тажикова.

Ақ жаулықты аналар фильмнен үлкен әсер алып, оның тәрбиелік мәні жоғары екенін айтты. Тағылымды туынды қоғамдағы түрлі мәселелерді қозғап, көрермендерге адамгершілік, жауапкершілкі және отбасы құндылықтары жайлы терең ой салды. Аталған тәрбиелік мәні зор фильмдер қоғамда имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға үлкен үлес қосады.

Іс-шараға қатысқан әйел жамағаты фильмнен рухани әсер алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі