Ақтөбе облысы: Құрбан айт – 2026  \  репортаж (ФОТО) 6399

Ақтөбе облысы: Құрбан айт – 2026 \ репортаж (ФОТО)

28 мамыр 2026 86 Оқу 1 минут

Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт мейрамына орай айт намазына 19 000 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті. 

Мерекелік шараға зиялы қауым өкілдері мен ҚМДБ ақсақалдар кеңесі мен «Әжелер» мектебінің мүшесі, жамағат пен қала, аудан, ауыл тұрғындары қатысты. Облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде ұлттық нақыштағы іс-шаралар ұйымдастырылып, қасиетті күннің маңыздылығы туралы уағыз-насихаттар айтылды.

Сонымен қатар ақсақалдарға, ақ жаулықты аналар мен ерекше балаларға құрмет көрсетілді. Ұлттық ойындардан атап айтсақ, тай жарыс, қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, аударыспақ, өгіз тартыс, қой көтеру, арқан тартыс, жебе тарту, асық ату, ләңгі тебуден т.б сайыстар өтіп, үздіктер марапатталды. Арнайы киіз үйлер тігіліп, айттық дастарханы жайылды. Ал балаларға арнайы ойын алаңы ұйымдастырылып және айттық үлестірілді.

Ұлық мерекені ұлықтау мақсатындағы шаралар 3 күн жалғасын табады. Айта кетсек, айттың алғашқы күні ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде 50 іс-шара өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі