"Нұр Ғасыр": Мешіт шәкірттері жеңімпаз атанды 2318

"Нұр Ғасыр": Мешіт шәкірттері жеңімпаз атанды

11 желтоқсан 2022 204 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық дін мәселелері және қоғаммен байланыс жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай "Тәуелсіз елім Қазақстан" атты шығармашылық байқауда облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің шәкірттері жеңімпаз атанды. 

Тарихы тереңде жатқан еліміздің жаңа заманда тәуелсіздікке қол жеткізген жасампаздық ерлігін дәріптеу, жастардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, патриоттық сезімдерін және Отанға деген құрметтерін нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайыста  орынды "Нұр Ғасыр" мешітінің шәкірттері Индира Нукыева ІІ орынды, ал Күнайым Қарсақбаева  ынтыландыру сыйлығын иеленді. Жетекшілері: облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің ұстазы Айнұр Мырзаева.

Айта кетсек, шығармашылық байқауға дін мамандары, мешіт жамағаты мен "Құнан" мектеп-лицейінің 14-30 жас аралығындағы жастары қатысып, бақ сынады. Дін мамандары арасында ҚМДБ Жастар ісі секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі  Еламан Кәрім ынталандыру сыйлығымен марапатталды. 

Аталған жеңімпаздар сайыс барысында Тәуелсіздік тақырыбына салған суреттерімен өзгеден озық болып, үздік қылқалам шебері атанды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Шығармашылық табыс тілейміз! Алар асуларыңыз аласырмасын!


"Ақтөбе" облыстық орталық 

"Нұр Ғасыр" мешітінің баспасөз қызметі