#Рамазан2026: Облыстық мешіттее әйел жамағатына ауызашар ұйымдастырылды 6094

#Рамазан2026: Облыстық мешіттее әйел жамағатына ауызашар ұйымдастырылды

18 наурыз 2026 15 Оқу 1 минут

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қасиетті Рамазан айына тұспа тұс келген көрісу күні, «Нұр Ғасыр» мешітінің асханасында 200-ден астам әйел жамағатына ауызашар дастархан жайылды. Шараға мешіт шәкірттері, көпбалалы отбасылар және арнайы қонақтар қатысып, бірлік пен бауырмалдықтың үлгісін көрсетті.

Рамазан айының сауапты сәтімен тұспа-тұс келіп, көрісу дәстүрі ұйымдастырылды. Жамағат бір-бірімен амандасып, ізгі тілектерін жеткізді. Бұл халқымыздың ұлттық дәстүрін дәріптеп, қатысушыларға жылы қарым-қатынас пен рухани тыныштық сыйлады.

Кештің мазмұнын арттыру мақсатында түрлі ұлттық ойындардан арқан тартыс, қол күрестен жарыс, мақал-мәтелдер мен викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Қатысушылар белсенділік танытып, ерекше мерекелік атмосферада уақыт өткізді. Жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды.

Ауызашар барысында өңір ұстаздары Рамазан айының соңғы күндерінде жасалатын амалдардың мән мағынасын түсіндіріп, ізгі амалдардың амалдардың қадір-қасиетін жамағатқа жеткізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі