Шалқар: «Ораза бабы» топтамасымен дәрістер ұйымдастырылды 1561

Шалқар: «Ораза бабы» топтамасымен дәрістер ұйымдастырылды

19 сәуір 2022 98 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әйел жамағатына Рамазан айына орай «Ораза бабы» топтамасымен дәрістер өтті. 

Қасиетті айдың құрметіне орай ұйымдастырылған дәрісті Шалқар ауданының Әйел-қыздар жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай жүргізді. Аталған дәріс барысында ұстаз Рамазан айының артықшылығы мен кәффарат, иғтикаф тақырыптарына тоқталды. Сонымен қатар әйел жамағатының оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар туралы сұрақтарына жауап берді.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі