«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ 2038

«ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ» ҚОРЫНЫҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

31 тамыз 2022 75 Оқу 0 минут

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен «Зекет және қайырымдылық» қорының жаңа директоры тағайындалды.

«Қайырғалиев Мақсатбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қорының ислам қаржысы жөніндегі сарапшысы қызметінен босатылып, «Зекет және қайырымдылық» қорына директор болып тағайындалсын» делінген Бас мүфти бұйрығында.

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Мақсатбек Қайырғалиевті жаңа қызметімен құттықтап, сәттілік тіледі. Сонымен қатар, қордың қоғам алдындағы міндетін, діни саладағы маңызын айрықша атап өтті.