Бегімбетте 100 адамға ауызашар берілді 1562

Бегімбетте 100 адамға ауызашар берілді

19 сәуір 2022 145 Оқу 1 минут

Шалқар ауданындағы Бегімбет ауылының 1990 жылғы азаматтары мұрындық болуымен 100 адамға ауызаашар берілді. 

Игі шарада «Бегімбет» мешіттің имамы Нұрдәулет Әуезов Оразаның даналығы туралы уағыз-насихат айтты. Сонымен қатар имам «Рамазан сыйы» ретінде «Ораза тағылымы» атты кітаптың 100 данасын он екі айдың сұлтаны Рамазанның құрметіне орай тарту етті.

Одан өзге имам ауызашардан кейін ауыл жастарымен бас қосып, жат ағымнан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі