Ұстаз «Имани жаз – 2022» сауат ашу курсы туралы сұхбат берді 1817

Ұстаз «Имани жаз – 2022» сауат ашу курсы туралы сұхбат берді

27 маусым 2022 123 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Елмұрат Мырзабаев пен шәкірті Әли Айқын «Aqtobe» телеарнасында қонақ болды.

«Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдардарламасында ұстаз бен шәкірт «Жазғы демалыс» тақырыбында сұхбат берді.

Тақырып аясында ұстаз Елмұрат Өтешұлы баланың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруды ата-ана ескерсе деген ұсынысын айтты. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өтіп жатқан «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып, өскелең ұрпақтың жан дүниесін байытып, рухани азық алуына жол ашатындығы туралы  баяндап өтті.

Атап айтқанда, мешіт жанын ұйымдастырылып отырған курста балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастархан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену т.б сынды дәрістер өтіп жатқандығы туралы тиек етті.

Ал шәкірт Әли Айқын «Имани жаз – 2022» жазғы сауат ашу курсына келгелгеніне қуанышты екенін айтып, «Дәрістер ұнайды, сабаққа асығы келемін», -деді.

Еске салсақ, «Нұр Ғасыр» мешітінде бүгінге дейін «Имани жаз – 2022» курсында 80 бала оқып бітірсе, қазіргі таңда 85 бала оқуда. Одан өзге ата-аналар облыстың Бас имамына алғысын айтып, 3-топ ашылса деген ұсыныстарын білдіруде.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі