Облыстың Бас имамы мен «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман сұхбат берді 4195

Облыстың Бас имамы мен «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман сұхбат берді

18 ақпан 2025 114 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы мен ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінде «Шариғат және пәтуа» бөліміне жауапты маман, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов «Aqtobe» телеарнасында қонақ болып, «Дін және дәстүр» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында облыстың Бас имамы айларлың сұлтаны Рамазан айының ұлықтылығына тоқталды. Парыз болған Рамазан оразасы, оның сауабы, жыл сайын рамазан айының уақыты неліктен өзгеретіндігін туралы толық түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар биылғы Рамазан әз Наурызбен тұспа-тұс келуіне орай биыл облыста атқарылатын дін мен дәстүр сабақтастығы аясында өтетін іс шараларды баяндады.

Одан өзге «Шариғат және пәтуа» бөлімінің жауапты маманы ораза тұту кімдерге парыз екендігін жіті баяндап, парыз оразаның кімдерге жеңілдік мәселесі қарастырылғанын айтты. Оразаны қандай жағдайда үзуге болады? Себепсіз үзілген оразаның өтемі қалай болмақ сынды сауалдарды талдап, жауап берді.

Айта кетсек, бағдарлама эфирден Рамазанның алғашқы күні яғни 1 наурыз күні көрсетіледі.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі