Мәзhаб ұстанудың маңызы атты жастармен кездесу өтті 5828

Мәзhаб ұстанудың маңызы атты жастармен кездесу өтті

19 қаңтар 2026 64 Оқу 1 минут

Шалқар ауданында «В.Н.Цеханович атындағы №1 БЖСМ»-да «Діннің мақсаты мен қоғамдағы рөлі», «Мәзhаб ұстанудың маңызы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында «Әл-Азhар» университетінің магистранты, Даруль Ифта түлегі Ерлан Матайбаев пен Шалқар ауданының Бас имамы Абзал Медетбеков және Шалқар қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің имамы Асан Жетписбаев тақырып аясын кеңінен түсіндіріп, баяндады.

Игі шарада ұстаз Ерлан Матайбаев «Жастарымыздың жат ағым жетегінде кетуінің ең басты себебі – діни сауатсыздық. Діни сауаты төмен адамның түрлі ағымдардың сөзіне еріп, алдауына көніп қалуы оңай. Жат ағым өкілдері діни сауаты төмен адаммен тілдескенде қасиетті Құранның астарлы мағынада келген аяттарын тікелей мағынада түсіндіріп не қате бұрмалап талдау жасау арқылы өз қатарына тартуға тырысады. Сондықтан жат ағым жетегінде кетуден сақтанудың ең негізгі жолы – діни сауатты арттыру» - деді.


Сонымен қатар, қызметкерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берді.