16 Шәууәл
Шалқар: «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті 4352

Шалқар: «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті

20 наурыз 2025 335 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Ақпарат» бөлімінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде «Менің алғашқы оразам» атты эссе байқауы өтті. 

Байқаудың мақсаты – қасиетті Рамазан айының қадір-қасиетін арттыру, ғибратты, оқиғалы шығармалар арқылы оқырмандарға ораза ұстаудың мән-маңызы мен түпкі ниетін түсіндіріп, Құран түскен қадірлі айдың құндылығын насихаттау.

Додаға кез-келген жастағы ниет білдіруші әйел жамағаты қатысып, бақтарын сынады. Шара барысында қатысушылар өз өмірінен өткен оқиғалар желісі бойынша және алғашқы ораза ұстағандағы әсерімен «Менің алғашқы оразам» тақырыбында эссе жазды.

Ал эссені тексеріп, әділ бағасын беріп, төрелік еткен «Шалқар аудандық өлкетану мұражайы» мекемесінің қор сақтаушысы Әсия Ашимбайқызы мен ұстаз Жұлдыз Тлеубай жамағаттың ой өрісінің тереңдігін атап өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі 1 орынды Жанерке Өмірхан, 2 орынды Айғаным Жұмакешова, ал, 3 орынды Жайна Есбергенова жеңіп алды. Сонымен қатар жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі