«Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында II практикалық сабақ өтті 1282

«Жан бар жерде қаза бар» тақырыбында II практикалық сабақ өтті

05 ақпан 2022 240 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Айнұр Мырзабаева облыстық орталық мешіт те әйел жамағатына «Жан бар жерде қа за бар» тақырыбында II практикалық сабақ өтті

Дәріске қатысқан әйел жамағаты мәйітті жуындыру және кебіндеу туралы толық мәлімет алып, тақырып аясында сұрақ қою арқылы тұшымды жауап алды.

Шара қортындысында дәріске қатысушы әжелер алғысын білдіріп, ұйымдастырушыларға баталарын берді. Ал жастар алғашқы өткізілген практикалық сабаққа оң бағасын беріп, өзгеде тақырыптар туралы практикалық сабақтар жалғасын тапса деген ұсынысын білдірді.

Одан өзге шара ережеп айының алғашқы жұмасымен тұспа-тұс келген дәріс соңында елімізге тыныштық тілеп, дұға етумен түйінделді.

Еске салсақ, І практикалық сабақта ұстаз пенденің жан тәсілім мезгілінде қасындағы жанашырларының жасау керек болатын амалдарын әңгімелей келе, оң жаққа қою, кебін пішуді егжей-тегжейлі түсіндіріп, қуыршақ маникенді қолдану арқылы іс жүзінде көрсетті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі