Мәртөк: Шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өтті
Мәртөк аудандық мешітінде қасиетті Құранға түскен шәкірттерге арналған ерекше тәж кигізу рәсімі өтті. Бұл салтанатты жиын Құран ілімін меңгерген жамағатты құрметтеуге, олардың еңбегін бағалауға арналған рухани шара болды.
Шараның басы Құран оқумен басталды. Одан кейін бірінші, екінші және үшінші жылында Құранға түскен шәкірттер ортаға шығып, дифиле жасады. Олар өздерін таныстырып, Құран үйренудегі жетістіктерін көрсетті. Ал биылғы жылы Құранға түскен әйел жамағатының шәкірттері кезекпен қасиетті Құран аяттарын оқып, жүректерге ерекше әсер сыйлады.
Кешімізге Ақтөбе қаласындағы беделді ұстаздар қонақ ретінде қатысты. Атап айтқанда, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігіндегі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, «Қайырқожа» мешітінің Жұлдыз Алдабергенова және Қобда мешітінен Баян Мұстахап өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
Кенжегүл Кушкарова шәкірттерге құттықтау сөзін арнап, оларға үлкен үміт артатындығын жеткізді. Кейін Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізу рәсімі өтіп, бұл салтанат олардың қажырлы еңбегін мойындау белгісі болды.
Жиын барысында Юсупова Дилбар ата-анасының атынан биыл Құранға түскен шәкірттерге қасиетті Құран кітабын сыйға тартты. Бұл ерекше құрметке ие болған шәкірттер: Сайыпова Гүлшат, Қарлығашова Ақзия, Нұртазаева Айдана, Ерланқызы Айман, Жакашова Алмагүл.
Шәкірттер мен ұстаздар бір-біріне ризашылықтарын білдіріп, сый-сияпаттарын тарту етті.
Шара соңында сектор жетекшісі Рамазан айындағы үй безендіру тақырыбында уағыз айтып, жамағатқа қасиетті айға дайындықтың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар, жамағат арасында ең әдемі безендіру жұмыстарын жасаған әйелдерге арнайы номинациялар бойынша сертификаттар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі