Сектор жетекшісі Шалқарда 2139

Сектор жетекшісі Шалқарда

29 қыркүйек 2022 215 Оқу 1 минут

Бүгін Шалқар қаласында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова мен республикалық «Мұнара тв» телеарнасырның жүргізушісі, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің Баспасөз хатшысы Ақтолқын Тажикова әйел жамағатына ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.

Облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен қолға алынған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында өткен кездесу барысында сектор жетекшісі «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында жиналған әйел жамағатына тағлымды әңгіме өрбітті.

Ал Шалқар аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен кездесуде журналист Ақтолқын Тажикова әлеуметтік желідегі жалған ақпараттан сақтану жолдарын түсіндірді.

Шара қортындысында ақ жаулықты аналар спикерлерге алғысын білдіріп, игі басқосулар жалғасын тапса деген тілегін айтты.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі