Сауат ашу шәкірттері мұражайға барды 3412

Сауат ашу шәкірттері мұражайға барды

13 маусым 2024 267 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жазғы сауат ашу курсының бала шәкірттері «Шалқар аудандық тарихи-өлкетану мұражайы» - на саяхат жасап қайтты. 

Маусым айының 5 -жұлдызында басталған жазғы сауат ашу курсы бағдарламасында бала шәкірттердің таным көкжиектерін кеңейтіп, еліміздің тарихын тани түсуі үшін ұйымдастырылған бұл саяхат расымен де олжаға толы болды.

Мұражай қызметкерлері де бала қонақтарды құшақ жая қарсы алып, еліміздің құнды тарихы мен жетістіктерін жіпке тізгендей ғып баяндап, сәби көңілдерге ұлттық құндылықтарымызды сіңіре білді. Бала шәкірттердің түрлі сұрақтары да таныстырушы мамандардың тұщымды жауаптарына жалғасып, тарихи - өлкетану мұражайындағы әрбір жәдігердің тарихы тарқатылды.

Сондай-ақ, мұражайдан кейін шәкірттерге Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешіті таныстырылды. 

Айта кетейік, бір айға созылатын жазғы курс аясында шәкірттер «Құран әліппесі» және «Имандылық әліппесі», «Дұға» және «Әдеп» сабақтары  бойынша дәріс алып, діни сауат ашып шығатын болады. Сондай-ақ, бүлдіршіндерді ынталандыра түсу мақсатында осындай танымдық саяхаттармен қатар, шәкірттер арасында түрлі білім жарыстары өткізілуде.