«Тәлімгер тағылымы» кітабы бойынша білім сайысы өтті 3411

«Тәлімгер тағылымы» кітабы бойынша білім сайысы өтті

13 маусым 2024 160 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың ұйымдастыруымен әйел жамағатына "Тәлімгер тағылымы" кітабы бойынша кітап талқы өтті.

Шара барысында шәкірттер "Білімнің  артықшылығы", "Білім алудың маңызы", "Білімді арттыратын амалдар", "Ризықты азайтатын әрекеттер" тақырыбында пікір алмасты.                                                                                          

Ұстаз Жұлдыз Тлеубай "Тәуекел", "Білім алудағы ынта-жігер мен сабырлылық" туралы мәліметтер айтып, кітапқа бір шолу жасап, қорытындылады. 

Айта кетейік, кітап талқы заман талабына сай  "Coffee break" әдісінде өтті.

Сонымен қатар, шара соңында  шәкірттер "Матай Қоқанұлы" мешітінің бас имамы Абзал Медетбековтың алғыс хаты және бағалы сыйлықтармен марапатталды.