Жамағат Пәтуалы ишанның басына зиярат етіп барды 3413

Жамағат Пәтуалы ишанның басына зиярат етіп барды

13 маусым 2024 273 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің Бас имамы Абзал Медетбековтің  ұйымдастыруымен Шалқар ауданының имамдары «Дархан дала» жобасын насихаттау мақсатында Шалқар көлінің жағасынан 14 шақырым жерде орналасқан Пәтуәлі ишанның мешітін зиярат етті.

Рухани сапарда  Шалқар ауданының имамдары   көне Пәтуәлі ишанның мешітінің орнына арнайы барып, «Пәтуалы ишанның» мазарын зиярат етіп қайтты. Сондай – ақ, сауабы мол игі істе дін қызметкерлері бабалар рухына Құран бағыштады.

Пәтуәлі ишанның шын есімі Мұхаммед уәли Қосайдарұлы. Ол 1862 жылы Шалқар ауданы, Қошқарата болысында, Талдық елдімекенінде Қосайдар ишанның отбасында өмірге келген. Ауыл молдасынан білім алғаннан соң, 1889 жылы Қазан қаласындағы Ғалия медресесіне оқуға түседі. Бес жыл Ғалияда оқып, әрі қарай білімін Хиуада жалғастырады. 1911 жылы Шалқарға діни ағартушы болып келіп, атақты Рақымберді хазіреттің қасында елге қызмет етеді. Бір сөзділігімен, табандылығымен хазіретке жағып, ұстазы «істеген ісінің, сөйлеген сөзінің пәтуасы бар» деп «Пәтуәлі» деген ат берген екен.